- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҰКП қолдауымен ағымдағы жылғы 1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал» атты акциясын өткізіп жатыр.
Оның мақсаты - азаматтардың тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Акция «Атамекен» ҰКП қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуде.
Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.
Барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау рәсімдері өтеді.
Бас финал жылдың аяғында МКК болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.
Жүлделер бизнес-қауымдастықпен ұсынылып отыр.
Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады.
Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыс пен Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ МКК жанында құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссиялар құрылады.