Жарияланған күні: 04.02.2022 11:24
Өзгертілген күні: 04.02.2022 11:26

Ағымдағы жылдың басынан бері Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге халық тұтынатын тауарлардың жүк ағыны 3 есеге ұлғаюы байқалады.
Жүк ағынының ұлғаюымен қатар мәлімделмеген, яғни жасырын, негізінен Қытай өндірісінің тауарлары саны едәуір ұлғайды.
Көрсетілген фактілердің алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады, оның негізінде тақырыптық салықтық тексерулер жүргізіледі.
Мысалы, 2022 жылғы 3 ақпанда тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Қырғыз Республикасының жүк автокөлік құралында 3,6 мыңнан астам мәлімделмеген қымбат және салық салынатын тауарлар анықталды.
Мәселен, аталған жағдайда қытай өндірісінің құжаттары мен таңбалары жоқ 98 бірлік тері бұйымдары (тондар) анықталды.
Тауарға ілеспе құжаттарда тондардың мәлімделмеуі ЕАЭО елдерінде міндетті түрде тері бұйымдарын таңбалаудың енгізілуіне байланысты деп болжануда.
Сондай-ақ тексеру жүргізу барысында тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілмеген танымал бренд тауарлары анықталды.
Осы фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетін болады.
Аталған тауарларды ЕАЭО аумағында өткізудің заңдылығын белгілеу мақсатында Қырғыз Республикасының құзыретті органдарына сұрау салу жіберілетін болады.
Бизнес субъектілері тарапынан мұндай әрекеттер ЕАЭО бойынша әріптес елдердің бюджеттеріне залал келтіретінін атап өткен жөн, осыған байланысты бақылау күшейтілетін болады.
Естеріңізге саламыз, бұдан бұрын ҚР ҚМ МКК Қырғызстаннан жалпы құны 1 млрд. теңгеден асатын «Apple» және «Samsung» фирмаларының смартфондары мен электрондық құрылғыларын жүк бөлігінің ішінде әкелу әрекетінің жолы кесілгені туралы хабарланған болатын. (мақалаға сілтеме)