
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) мынаны хабарлайды.
2025 жылғы 1 наурыз сағат 16:00-ден 2 наурыз сағат 17:00-ге дейін интернет желісінде провайдерді ауыстыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіледі.
2025 жылғы 2 наурыз сағат 17.00-ден бастап «АСТАНА-1» АЖ жаңа IP-мекенжайға көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қайта баптау жөніндегі нұсқаулық төменде қоса беріледі.
Жаңа мекенжайды енгізу үшін Java-ға, кейін Configure Java-ға өтіп керек
Java Control Panel терезесінде Security қойындысына өтіңіз Edit Site List түймесіне басыңыз.
Әрі қарай Add түймесін басыңыз
Жаңа жолға http://212.154.167.54:8080 мекенжайын жазып, <OK> басыңыз
Одан кейін барлық келесі терезелерде <OK> түймесін басып, орнатуды аяқтаңыз.
Баптау аяқталғаннан кейін браузердің мекенжай жолағына http://212.154.167.54:8080 теру арқылы порталға өту керек.
Әрі қарай, Сіздің жеке компьютеріңіздің сипаттамаларына байланысты суретте көрсетілген файлдардың бірін жүктеп алыңыз.