Date of publication: 01.03.2022 14:44
Date of changing: 01.03.2022 15:00

 

Шикізат экспорттаушыларына қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруды жеңілдету жоспарлануда. Мұндай артықшылықтарға шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде жартысын ұлттық валютаға  айырбастаған экспорттаушылар ие болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Ол үшін салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы әзірленуде.

Салық кодексінің 434-бабына салық кезеңінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері үшін қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін белгілейтін түзету енгізілген.

Бұл ретте,  экспорттаушылар Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келсе, қосылған құн салығынан қалыптасқан асып кету сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерін салықтық тексерусіз 15 жұмыс күні ішінде қайтара алады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.

Жоба мақсаты нарықтық жағдайлармен салыстырғанда қаражатты ұлттық валютамен инвестициялау үшін неғұрлым тиімді құралдарды беру болып табылады.