
АҢДАТПА!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнамалар жобалары бойынша жария тыңдаулар өткізеді.
2022 жылғы 28 наурыз күні сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің YouTube арнасында (kgd.gov.kz) тікелей эфирде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнамалар жобалары бойынша жария тыңдаулары өтеді.
Спикерлер ретінде: Қазақстан Республикасының Бірінші қаржы вице-министрі М.Е. Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға орынбасары Қ.И.Миятов сөз сөйлейді.
Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілдері жария тыңдаулары бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://www.youtube.com/user/salykgovkz