Date of publication: 26.03.2022 11:33
Date of changing: 26.03.2022 11:58

 

 

 

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Азамат Панбаев тағайындалды.

Панбаев Азамат Серікұлы 1987 ж.т.

2008 жылы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2010 жылы - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Индустриялық даму және өнеркәсіп комитетінде 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін жалғастырды, сарапшыдан бастап, басқарма басшысына дейін жетті.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.