Date of publication: 05.04.2022 10:03
Date of changing: 05.04.2022 10:04

 

«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы

19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 2022 жылғы 28 наурыздағы № 317 бұйрығына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

 

«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (бұдан әрі – НҚА) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығымен бекітілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларына түзетулер енгізілді.

НҚА деректеріне сәйкес «Қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының және тәуекел дәрежесі өлшемшарттарының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығының күші жойылды деп танылады.

НҚА Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталауларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлыққа бейім құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау жолымен оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі шеңберінде әзірленді.