Date of publication: 04.05.2022 16:13
Date of changing: 04.05.2022 16:14

2022 жылғы 27-29 сәуір аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Болотов и партнеры» ЖШС-мен  бірлесіп «Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтатқаннан кейін, әкімшілік іс жүргізу туралы іс қозғау» тақырыбында Polycom БКБ арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

         Іс - шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау ерешеліктерімен танысу, түсінік беру, сабақтас құқықтар туралы түсінік, сауда белгілері, тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі, тауарлық белгіні бұзумен күресу, құқықтарды қорғау тәсілдері жайында болды.

         Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

          28 сәуірде сағат 10.00-де қашықтықтан оқыту тыңдаушылары үшін  дәріс оқылды.  

          Дәріскер ретінде:  -  Жанат Амантаевич Нурмагамбетов  «Болотов и партнеры» ЖШС-ің серіктесі және заңгері Адалят Зервахуновна Молотова қатысты.             

Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

           Іс-шара қорытындысы бойынша 78 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.