Date of publication: 12.05.2022 14:56
Date of changing: 12.05.2022 14:59

Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!

2022 жылға салықтық есептілігін табыс ету бойынша

Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты ҚР ҚМ
2022 жылғы 14 сәуірдегі № 409 бұйрығымен (10.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілген) 2022 жылға (СЕН 300.00, 400.00, 421.00, 570.00, 590.00, 851.00, 870.00, 920.00), сондай-ақ
2021 жылға (СЕН 180.00, 240.00, 910.00, 920.00), 2020 жылға (СЕН 101.03) арналған салықтық есептілігінің қолданыстағы нысандарына және оларды жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлаймыз. Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті»,
«СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың
(kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.

Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салықтық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салықтық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ-да және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылады.