Date of publication: 17.05.2022 12:31
Date of changing: 17.05.2022 12:33

2022 жылғы 4 – 6 мамыр аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен бірлесіп «Карнет АТА-ны іс-жүзінде қолдану ерекшеліктері» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің Карнет АТА-ны іс-жүзінде қолдану саласындағы құзіретін арттыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың 5 мамырында сағат 10.10 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ОӘО  бас маманы Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.

 Дәріскер ретінде – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы – Рустам Амангельдинович Таженов қатысты.

Қатысушылар Карнет АТА жүйесін орнатумен, Карнет АТА конвенциясымен және оның қағидаларымен, АТА жүйесін жаңғыртумен, Стамбул конвенциясының мақсаттары мен негізгі қағидаларымен, Карнет АТА қолданудың артықшылықтарымен, кеден органдары мен бизнес-құрылымдардың серіктестігімен, қандай тауарларды Карнет АТА арқылы өткізуге жол берілмейтінімен, Карнет АТА елдерінің құрамымен, қандай елдер Карнет АТА-ға жақын болашақта қосылуға тиіс екендігімен  және оны КД ретінде пайдалану шарттары, кеден рәсімдері, оларды орналастыру кезінде Карнет АТА-ны КД ретінде қолданылады, Карнет АТА-ның жинақтылығымен, мұқабаларымен, түбіршектерімен және ваучерлерімен, талап қою тәртібімен және иерзімдерімен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша  86 қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі.