Date of publication: 18.05.2022 17:34
Date of changing: 18.05.2022 17:37

Салықтар бойынша ең жиі кездесетін сұрақтарға тиісті жауаптарды банктің мобильді қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Танымал мобильді қосымшада салық және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды қалай төлеуге, салық берешегін тексеруге, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, басқа жеке тұлға үшін салықтарды төлеуге, салық есептілігін тапсыру мерзімдері мен тәсілдері туралы және халықтың өзекті мәселелеріне қатысты басқа да пайдалы ақпаратты білуге болады.

Осылардың барлығы  Kaspi.kz мобильді қосымшасының «Гид» / «Мемлекеттік қызметтер» / «Мемлекеттік қызметтер туралы барлық тақырыптар» / «Топ 10 сұрақ» немесе «Салықтар» бөлімінде қол жетімді.