Date of publication: 31.05.2022 17:15
Date of changing: 31.05.2022 17:45

 

2022 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында    2022 жылғы 1 қаңтарға дейін резидент еместерге төленген дивидендтерге салық салу мақсатында «таза кірісті» айқындау мәселесі түпкілікті шешілді.

Атап айтқанда, Салық кодексінің 645 және 654-баптарына сәйкес жеңілдіктерді қолдану мақсаттары үшін «таза кіріс» деп бухгалтерлік есептің деректері бойынша қаржылық есептілікте қалыптастырылатын (қалыптастырылған) бөлінбеген пайда (таза кіріс) деп түсіну және мұндай жеңілдіктерді бухгалтерлік есептің деректері бойынша қаржылық есептілікте таза кіріс болған кезде ғана қолдану керек.

Осыған байланысты Салық кодексінің 645 және 654-баптарына сәйкес босатылуға жататын дивидендтерді төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын бұрын төлеген салық агенттері бұрын табыс етілген салық есептілігін түзетуге, ал артық төленген соманы салық төлеу есебіне есепке жатқызу үшін пайдалануға немесе жеке шотына қайтаруға құқылы.