Date of publication: 03.06.2022 10:25
Date of changing: 03.06.2022 10:27

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке Ержан Калимбекович Тоқтарханов тағайындалды.

 

Е.Тоқтарханов 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі бойынша — экономист, заңгер. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

 

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жылды құрайды. 1997 жылдан бастап Өскемен қаласы бойынша салық инспекторынан Салық комитетінің төрағасына дейінгі лауазымды қызметтерді атқарды.

Әр жылдары Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басқарма басшысы лауазымын атқарған, сондай-ақ Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің және Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

 

А.Бейсенбекұлы жаңа басшы алдында барлық деңгейлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл үшін кешенді жұмысты іске асыру, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру бойынша шаралар қабылдау бойынша бірқатар нақты міндеттерді белгіледі.