Date of publication: 10.06.2022 12:58
Date of changing: 10.06.2022 12:59

Мемлекеттік кірістер комитеті астық нарығының қатысушыларына қосылған құн салығын оңайлатып қайтару бойынша пилоттық жобаны жүргізуде. Пилоттық жоба осы саланы сауықтыруға және жосықсыз бәсекелестікті жоюға бағытталған.

Жалпы, 2019-2021 жж. импорт 157 млрд. теңгеге 2,7 млн. тонна астықты құрады (орташа баға – 57 мың теңге). Оның ішінде Ресей Федерациясынан – 145 млрд. теңгеге 2,7 млн. тонна астық (орташа баға – 54 мың теңге).

Өз кезегінде, астық экспорты 2,1 трлн. теңгеге 20,2 млн.тоннаны құрады (орташа баға 103,6 мың.теңге). Оның ішінде РФ – 55 млрд. теңгеге 441 мың. тонна (орташа баға 125,2 мың. теңге).

2019-2021 жылдары астық пен ұнды экспортқа шығарушыларға 127 млрд. теңге мөлшерінде ҚҚС қайтарылды, оның ішінде: 2019 жылы 21 млрд.теңге, 2020 жылы 27 млрд. теңге, 2021 жылы 50 млрд. теңге.

Сонымен қатар, РФ-нан импортталған бидайдың үшінші елдерге, оның ішінде "сұр" схемалар бойынша кері экспорттау және олар бойынша ҚҚС өтеу тәуекелдері бар екенін ескеру қажет.

Мұндай тәуекелді болдырмау үшін Комитет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ҚҚС-ты жеңілдетілген қайтару бойынша пилоттық жобаны іске асырды (Ресей Федерациясының тәжірибесіне ұқсас, "АӨК саласындағы Хартия").

Жоба нарықтағы заңсыз әрекеттерге қарсы іс-қимыл жүргізеді. Бұл мемлекет пен бизнестің бірлескен саясаты. Басты мақсат - бұл саланы сауықтыру және жосықсыз бәсекелестікті жою.