Date of publication: 24.06.2022 16:54
Date of changing: 24.06.2022 16:57

Жыл сайын Қазақстанда "Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық байқауы өткізіледі. Осы жылы байқауда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева жеңімпаз атанды.

Конкурсқа 400-ден астам қатысушы қатысты, олардың ішінде Қаржы министрлігінен "Үздік мемлекеттік қызметші" атағын Айжан Бекеева алды.

Конкурс бірнеше кезеңде, яғни өңірлік (облыстық) және республикалық деңгейлерде өткізілді. Қатысушылар мемлекеттік қызмет саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар / идеяларды таныстырды. 

Байқауда жеңімпаз "Салық және кеден мәдениетінің тиімділігін, халықтың фискалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбындағы жобаны таныстырды, онда "Халық пен салық", "Сіздің МКД" және т.б. енгізілген жобалар туралы айтты.