Date of publication: 01.08.2022 16:26
Date of changing: 01.08.2022 16:27

Бүгіннен бастап жеке кәсіпкерлер оңайлатылған салық есептілігін (СЕН 910.00) бизнеске арналған Onlinebank мобильді қосымшасында тапсыра алады. Жаңа сервис Halyk Bank пен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тығыз өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығының арқасында іске асырылды.

 

Қазақстандық банктер арасында декларацияларды тапсыру үшін осындай функционал әзірге Halyk Bank-те енгізілді. Шағын бизнес субъектілері жеңілдетілген декларацияны оңай және тез толтырып, Onlinebank мобильді бизнес қосымшасында бере алады. Әзірленген қызмет жалдамалы қызметкерлері жоқ кәсіпкерлерге арналған.

 

"Halyk Bank өзінің жеке қызметтерін дамытып, мемлекеттік қызметтерді ілгерілете отырып, Onlinebank сияқты өзінің цифрлық өнімдерін кәсіпкерлер арасында белсенді пайдалануға мүдделі. Біздің ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен тығыз қарым-қатынасымыздың нәтижесінде, біздің онлайн-бухгалтерия мен мемлекеттік қызмет мүмкіндіктерінің көмегімен біз салық есептілігін ұсыну процесін жеңілдететін жаңа ыңғайлы қызметті құрдық және ұсындық", - деп атап өтті Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев.

 

Декларацияны кәсіпкерге тапсыру үшін декларацияның түрін, салық кезеңін таңдап, алынған табыстың мөлшерін көрсету жеткілікті. Барлық басқа деректемелер автоматты түрде толтырылады.  Жүйе ҚР сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңдарына сәйкес әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын, МӘМС жарналарын өзі есептейді.

 

Кәсіпкерге тек деректерді растау, Банктің куәландырушы орталығы шығарған ЭЦҚ декларациясына қол қою ғана қалады және декларация бірден салық органына жіберіледі. Нәтижені дереу декларация журналында тексеруге және жүктеуге болады.

 

ЭЦҚ шығару үшін Банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ, қосымшаны ашып, декларацияны тапсыруға арналған бөлімге өтіп, ЭЦҚ шығаруға келісім берсе жеткілікті.

 

"Onlinebank мобильді қосымшасы арқылы салық есептілігін ұсыну - салық есептілігін толтыру және жіберу процесін оңайлатуға жасалған үлкен қадам, осы бағыттағы салық міндеттемелерін орындаудың баламалы тәсілдерінің бірі, бұл салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсартады. Бұл іс-шаралар мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу шеңберінде жүргізіледі", - деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев.

 

«Егер ЖК-де жалдамалы жұмыскерлер болса, онда декларацияны тапсыру үшін банктің Obuhgalter.kz.порталындағы сервистің кеңейтілген нұсқасын пайдалануға болады»-, дейді банк өкілдері.

 

ЦДИАӨМ-нің Мемлекеттік қызметтерді монополиясыздандыруға бағытталған күш-жігері халық талап ететін қызметтерді сыртқы платформаларда іске асыруға және енгізуге мүмкіндік береді. Onlinebank қосымшасы бизнес өкілдері үшін қажетті қызметтердің кең спектрін ала алатын жетекші алаң болып табылады. Банктің алдағы жоспарларында өз қосымшасындағы мемлекеттік сервистердің тізбесін одан әрі кеңейту көзделген.

 

Президенттің бюрократиясыздандыру бойынша берген тапсырмасы аясында ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға шығару процедураларын жеңілдету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Тамыз айының басынан бастап, Бірлескен бұйрық бекітілгеннен кейін, жаңа мемлекеттік қызметтерді іске қосу одан да оңай әрі жылдам болады.

 

Сондай-ақ, Onlinebank-те тағы бір маңызды функционал іске асырылған. 15 тамызда салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады және өз есептілігін тапсыруды ұмытып кеткендерге Мемлекеттік кірістер комитеті Onlinebank арқылы тиісті хабарламалар жіберетін болады, бұл клиенттерге шоттарды бұғаттаудан және әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға көмектеседі.