Date of publication: 03.08.2022 12:12
Date of changing: 03.08.2022 12:13

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде оңайлатылған салық декларациясын тапсыруға небәрі 12 күн қалғанын ескертті.

«Бизнес субъектілеріне ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияны (910.00-нысан) 2022 жылғы 15 тамызда тапсырудың соңғы мерзімі аяқталатынын еске саламыз», - деді Комитетте.

Жалпы, 910.00 нысанындағы салық есептілігін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ұсынуы қажет.

 

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

  • «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);
  • СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады);
  • қағаз түрінде;
  • Halyk Bank мобильді қосымшасының 2022 жылғы 1 тамыздан бастап оңайлатылған салық декларациясын ұсынуға арналған жаңа сервисі.

 

Бұл ретте, есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.

Жалпы, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер саны - 1 187 554, оның ішінде дара кәсіпкерлер - 1 047 586, заңды тұлғалар– 139 968.