Date of publication: 16.08.2022 16:10
Date of changing: 16.08.2022 16:13

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың құны туралы шынайы ақпарат алу және объективті көрсеткіштерді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) бизнес–қоғамдастыққа импортталатын тауарлардың кең спектрінің құны туралы шынайы мәліметтер беру тұрғысынан өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізеді.

Осылайша, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына Кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы" шешіміне сәйкес, тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу кезінде, кеден органы ұйымдардан оның ішінде кәсіби бірлестіктерден (қауымдастықтардан), ұқсас және біртекті тауарларды кіргізетін өндірушілер мен жеткізушілерден алынған ақпаратты пайдалануы мүмкін.

Бұл іс-шара кедендік төлемдер мен салықтарды толық өндіріп алуға ғана емес, сондай-ақ "сұр" импорт пен заңсыз кәсіпкерлікке қарсы күреске де бағытталған.

Осыған байланысты, Сіздің сегментіңіздің ресми диллерлермен немесе тауар өндірушілермен расталған осындай ақпаратты ұсыну мүмкіндігінің бар екендігі туралы Комитетке хабарлауды сұраймыз.

Сонымен қатар, жәрдемдесуге биржалық баға белгілеулерін, биржалық индекстерді, аукциондар бағаларын, баға каталогтарындағы мәліметтерді, оларды алған дереккөздерін көрсетіп ұсыну маңызды үлес ретінде қарастырылады.

Осындай мүмкіндік болған жағдайда, осы мәселе бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа және Комитет пен Сіздің қауымдастығыңыздың, кәсіптік бірлестіктің немесе ұйымның өзара іс-қимылы туралы меморандум жасасуға үміттенеміз