Date of publication: 24.08.2022 19:11
Date of changing: 24.08.2022 19:12

Жеке тұлғалар үшін «салық әмияны» қызметін атқаратын «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасы енгізілді.

1,3 млн. астам пайдаланушы тіркелген.

«Салық әмияны» арқылы шамамен 200 млн. теңге салық және төлемдер төленді (122 мың жеке тұлға). Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.

Қосымшаның артықшылықтары мен мүмкіндіктері:

1) 2 минут ішінде салық төлеу жүргізіледі;

2) салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзету жүзеге асырылады (414 мың пайдаланушы);

3) жеке тұлғалардың кірістері туралы декларация тапсырылады (394 мың декларация табыс етілді);

4) электрондық кезекті онлайн брондау, айыппұлдардың болуын тексеру, шығуға тыйым салу сервистері іске асырылған. Салық төлеушілерді, соның ішінде сенімсіздерін іздеу және басқалар.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің салық міндеттемелерін орындауына ыңғайлы болу үшін «E-Salyq-Business» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Қосымша сондай-ақ пайдаланушылар үшін тегін және танымал сервистерде («Play Market», «App Store» және «App Gallery») жүктеу үшін қолжетімді.

2022 жылғы 1 тамызға пайдаланушылар саны 307 мың жеке кәсіпкер.

«E-Salyq-Business» қосымшасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері:

1) салық төлеушіні жеке кәсіпкер ретінде тіркеу.

2) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу, оларды төлеу. Салықты есептеуді қосымша кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де жүзеге асырады.

3) онлайн режимде хабарламалар мен анықтамалар алу.

4)Кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіппен автоматты түрде тоқтату.

Кәсіпкерлерге салық органдарына бармай-ақ, қашықтан қызметтердің барлық спектрі ұсынылған.