
Ағымдағы жылғы 25 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында ҚҚС асып кетуін қайтарудың қолданыстағы ережелері туралы материал жарияланды (сілтеме: https://atameken.kz/ru/news/47746-atameken-kgd-vvel-novye-pravila-vozvrata-nds-bez-obsuzhdeniya-s-biznesom).
Ұлттық палата жарияланымында аталған ережелерге енгізілген түзетулер ҰКП-мен талқылаусыз және келісусіз бекітілгені және МКК бизнестің пікірін ескермегені атап өтілген. Осыған байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде ҚҚС асып кетуін қайтару ережелері мен түзетулер енгізу себептері түсіндірілді.
Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес-қауымдастықтың конструктивті ұсыныстарын қарауға әрқашан дайын, бұл ретте ірі компаниялардың салық төлеуден жалтару, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) айналып өту мақсатында қолданылатын схемалары ережеге түзетулер енгізуге алғышартболды.
Бұрын қолданыста болған ережелерде 300 ірі кәсіпорынды тексеру кезінде «Пирамида» аналитикалық есебін қалыптастыру бойынша шектеулер жазылған. Мұндай шектеулер МКК-нің бюджет қаражатын қайтарудың заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндетін орындауға кедергі келтірді және іс жүзінде төленбеген ҚҚС-ты қайтаруға алып келді.
«Пирамида» талдамалық есебі ҚҚС бойынша ұсынылған салық есептілігін немесе ақпараттық жүйелердің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау нәтижелері болып табылады.
Яғни, енгізілген түзетулер ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, олардың салық міндеттемелерін орындауына тікелей қатысты болды және бірінші кезекте сұр схемаларды қолдану нәтижесінде пайда болған ҚҚС асып кеткен сомасын қайтаруға негізсіз ұсынылған сомаға кедергі жасауға бағытталған.
Енгізілген өзгерістер шағын және орта бизнес субъектілеріне ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібіне әсер етпейтінін ескеру қажет, олар үшін қайтару рәсімі енгізілген түзетулерге дейін өзгеріссіз қалады.
Енгізілген өзгерістер осыған дейін де салықты адал төлеп жүрген өндіруші кәсіпорындарды ынталандыруға және бизнестің барлық қатысушылары үшін тең жағдайлар жасауға бағытталған.
Адал өндірушілерді қолдау үшін теріс критерийлер қысқартылып, оң көрсеткіштер көбейді. Сондай-ақ, критерийлерді есептеу тәртібі жетілдірілді, егер бұрын тәуекел фактісі үшін теріс балл берілсе, онда жаңа ережелер бойынша баллдар тәуекел ауқымы бойынша беріледі.
Үш негізгі түзету көрсетілген:
- анықталған бұзушылықтар екі санатқабөлінген: 1) жалған мәмілелер тәуекелі; 2) камералдық бақылау бойынша бұзушылықтар;
- өзара байланысты контрагенттер жалпыбизнестің бір бөлігі ретінде қарастырылады және«Пирамида» олардың жеткізушілері бойыншақұрылады:
- ҚҚС асып кетуін оңайлатылған тәртіппенқайтару кезінде ТБЖ қолданылады.
Қолданыстағы ережелерге түзетулерді бизнес-қауымдастықпен талқылау рәсімі заңнамадабелгіленген тәртіппен орындалды.
Осыған дейін бұл туралы Комитеттіңтүсіндірулер жариялаған сілтемесі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/358582?lang