Date of publication: 23.09.2022 18:24
Date of changing: 23.09.2022 18:25

Бүгін, 2022 жылғы 23 қыркүйегінде, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Түркістан облысына тіркелген салық төлеушілер саны
1,9 млн.-нан асады
, бұл бүкіл Республика салық төлеушілердің
 10 пайызын құрайды. Оның ішінде: 1 771 675 жеке тұлғалар, 80 401 дара кәсіпкер, 64 585 шаруа қожалықтары,  17 519 заңды тұлғалар.

Сайрам ауданы — Түркістан облысындағы  ең ірі аудандардың бірі болып саналады. Ауданның 2022 жылдың 8 айына бекітілген мемлекеттік бюджет жоспары 108% орындалды. Жоспары 10,7 млрд.тг. болса, нақты түсім 11,6 млрд.тг. немесе 0,8 млрд.тг. артығымен орындалды. Түсімдердің өсу қарқыны 130,6% немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 млрд.тг. артық түскен.

Облыста әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу, қосымша кіріс көздерін анықтау барысында цифрландыру нәтижелері  мынадай:

  • 58 815 онлайн бақылау-касса машинасы тіркелді;
  • тіркелген QR-код саны - 55 426;
  • «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасын 168 860 салық төлеуші қолдануда;
  • POS-терминалды қолданушылар саны - 3 198;
  • Үшқұрамдасты интеграцияланған жүйе (ТИС) саны – 75.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттерінің қызметкерлері, тыйым салынған заттарды шекара арқылы заңсыз өткізудің алдын алу  бойынша күнделікті тәулік бойы жұмыс жасауда.

Нәтижесінде заңсыз есірткі тасымалының жолы кесіліп, мынадай фактілер тіркелген:

  • 2019 жылы 46 дерек бойынша - 17,06 кг;
  • 2020 жылы 25 дерек бойынша - 179,8 грамм;
  • 2021 жылы 31 дерек бойынша - 84,6 грамм;
  • 2022 жылдың 8 айында 28 дерек бойынша – 1157,3 грамм есірткі заттары және 31,465 кг героин ұсталды.

Мүгедектер мен көп балалы жанұяларды қоса есептегенде Түркістан облысы бойынша 108 мыңнан астам жеке тұлғалар 1 377  мың теңгеге көлік, мүлік және жер салығынан босатылып, өз жеңілдіктерін пайдаланған.

Одан бөлек, бизнесті қолдау аясында Түркістан облысы бойынша 2020-2022 жылдарға 134 мыңнан астам микро және шағын бизнес субъектілері 20,7 млрд.тг. көлемінде салықтан босатылды.

Түркістан облысы тұрғындарымен өткен кездесуде Данияр Жаналинов жиылған азаматтардың барлық қойған сұрақтарына жауап берді. Негізінен тұрғындарды қызықтырған сұрақтардың ішінде жеке кәсіпкерді тіркеу, электронды шот-фактуралар, цифрландыру және т. б. сұрақтар болды.

Кездесу соңында БАҚ өкілдерімен баспасөз-конференциясы өтті.