Date of publication: 28.09.2022 11:43
Date of changing: 28.09.2022 11:44

           «Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесінде» (БСАЖ) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын қосу бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

           2022 жылғы 24 шілдеде жүргізілетін жұмыстар шеңберінде БСАЖ республикалық серверінде жаңадан құрылған Мемлекеттік кірістер департаменттері, басқармалары (МКО) үшін БСАЖ анықтамалықтарын Республикалық деңгейден синхрондау процесі іске қосылды.

          Бүгінгі күні аталған салық төлеушілердің республикалық деңгейдегі БСАЖ-дан аумақтық МКО-ға көшіру процесі жалғасуда.

         2022 жылдың 19 қыркүйегінен бастап аумақтық және республикалық деңгейдегі БСАЖ серверіне жүктеме артқаны байқалады, ол жаңадан тіркелген заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер құжаттарын өңдеу уақытына, ЖСН/БСН бойынша деректерді өзектендіруге және БСАЖ жұмысының жылдамдығына әсер етеді.

           Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының БСАЖ жүйесінде
жаңарту процесі басталған күннен бастап (2022 жылдың 19 қыркүйегінен бастап) екі-үш апта ішінде серверлердегі кезектегі хабарламалар саны азайып,  жұмыстар аяқталады деп жоспарлануда.

          Кешірім сұраймыз!