Date of publication: 05.10.2022 18:46
Date of changing: 05.10.2022 18:46

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 2022 жылғы 6 қазан сағат 09:00-ден 2022 жылғы
7 қазан сағат 09:00-ге
дейін «Қазығұрт» өткізу пункті (Қазақстан) және
«С. Наджимов» (Өзбекстан) шектес өткізу пункті екі мемлекеттің өткізу пункттері арасында өтетін газ құбырларында су сынау жұмыстарын «Узтрансгаз» Акционерлік қоғамының жүргізуіне байланысты азаматтар мен автокөлік құралдарын өтуі үшін жабық болатынын хабарлайды.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.