Date of publication: 09.10.2022 14:20
Date of changing: 10.10.2022 10:14

Қазіргі уақытта қазақстандық «Қарасу» өткізу бекетінде жүк автомашиналарының кептелісіжоқ, пост жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр.

Жүк көліктерінің уақытша шоғырлануыРесейден Қырғызстанға транзитпен келе жатқан көптеген көліктердің бір уақытта келуіменбайланысты болды.

22 қыркүйектен бастап Қазақстан-Ресей шекарасында бірінші кезекте өткізілген Ресейазаматтарының ағымы өсті. Ресейден Қазақстан аумағына жүк көлігінің кіруі Ресей шекарақызметімен уақытша шектелді.

Ресей азаматтарының ағыны азайғаннан кейін жүк көліктері Ресей тарапынан Қазақстан мен Қырғызстан бағытында бір уақытта жіберілді.

Осы себепті «Қарасу» бекетіне жүк машиналарының бір мезгілде келуі байқалды, қазіргі уақытта Қазақстанның шекара қызметі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылауы штаттық режимде жұмыс істеуде.