Date of publication: 23.11.2022 17:15
Date of changing: 23.11.2022 17:16

2020 жылы бюджет қаражаты есебінен «Б. Қонысбаев» автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылып, оның аумағы 2 есеге жуық (3,6 гектардан 6 гектарға дейін) кеңейтілді.

        Өткізу пункті қазақ-өзбек шекарасындағы ең ірі пункттердің бірі болып табылады.

        Пункт тәулігіне 1,5 мың көлік құралын және 10 мың жеке тұлғаны қозғалыстың екі бағытында, оның ішінде жүк көлік құралдары – 1 мың бірлік, жолаушылар көлік құралдары (автобустар мен жеңіл автомобильдер) – 500 бірлік өткізуді көздейді.

        Өткізу пунктінің жұмыс істеуі кезінде (2019 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қазанға дейін) 230 525-тен астам көлік құралы  өтті, 3 248 млн.теңгеден астам кедендік баждар мен салықтар түсті.

        Өткізу пункттерін жобалау кезінде Комитет өткізу пункттерін жайластыру бойынша халықаралық сарапшылардың ең озық технологиялық шешімдері мен ұсынымдарын ескерген.

        Бүгінгі күні Қазақстан тарапынан Өзбек шекарасындағы өткізу пункттерінің алдында автокөлік құралдарының күн сайын жиналуы байқалады, қарбалас кезеңдерде бұл көрсеткіш 300 бірлікке дейін жетеді.