Date of publication: 21.12.2022 16:46
Date of changing: 21.12.2022 16:47

Негізгі орындаушы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын жаңа Салық кодексін әзірлеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексінің негізін құрайтын 2030 жылға дейінгі жаңа Салық саясаты тұжырымдамасының жобасы қалыптасуда. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте хабарлады.

 

Біздің тарапымыздан ҰЭМ-ге тиісті ұсыныстар, оның ішінде:

* экономиканың әртүрлі секторларындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу

* салық төлеуден жалтару тәуекелдерін азайту мақсатында арнайы салық режимдерін оңайлату

* салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдардың қасақана бөлінуіне жол бермеу

* барабар мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту

* «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігін қарастыру мәселелер бойынша ұсыныстар жолданды.

Жаңа кодекстің негізін қалайтын 2030 жылға дейінгі жаңа Салық саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы қалыптастырылуда.