Date of publication: 30.01.2023 10:46
Date of changing: 30.01.2023 10:47

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында тұрақты емес экспорттаушыларға ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімі (Салық кодексінің 429-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес) күнтізбелік жүз елу бес күннен жетпіс бес жұмыс күніне дейін қысқартылғанын хабарлайды.

Бұл ретте, нөлдік ставка бойынша салық салынатын халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін субъектілердің тізбесіне «жерге қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер» енгізілді.

Сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіпті ынталандыру үшін Салық кодексінің 434-бабына ҚҚС асып кетуін қайтару бөлігінде, өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілерге ҚҚС асып кетуін қайтару сомасын нақтылай отырып, тұрақты және тұрақты емес өткізу шарттарына сәйкес келетін түзетулер енгізілді.