Date of publication: 30.01.2023 15:49
Date of changing: 30.01.2023 15:50

2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

Бірақ заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Бұл дегеніміз, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.

Банкроттық туралы заң рәсімдердің үш түрін қарастырады – ол соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Бұл рәсімдерді тек қарыз алушының өзі ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты осы рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ. 

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз:

Сот банкроттығын, және соттан тыс банкроттығын қолданатын азаматтар:

•        5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);

•        олар 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіне алады;

•        олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды.

Сондықтан, азамат өзін банкрот деп жарияламас бұрын, ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлану керек.