Date of publication: 31.01.2023 14:57
Date of changing: 31.01.2023 15:03

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті енді салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірме алу үшін кезең және Мемлекеттік кірістер органын (МКО), электрондық Үкімет порталының cabinet.salyk.kz сайттың көмегімен БСН/ЖСН көрсетілген электрондық нысанда сұрау жіберу жеткілікті екенін хабарлайды.

Сұрау салу салық төлеушінің инспектордың қатысуынсыз дербес шоттан үзінді көшірмені электрондық нысанда қалыптастыру және салық төлеушіге беру үшін автоматты түрде МКК ОБДШ АЖ-нен жіберілетін болады.

Мәселен, жеке тұлғаның және дара кәсіпкердің сұрау салуында МҚО болмаған жағдайда, салық төлеушінің дербес шоттары ашылған барлық МҚО бойынша дербес шоттан үзінді қалыптастырылатын болады.