
2023 жылғы 20 ақпанда, ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Schmitt & Orlov intellectual Property» ЖШС бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Контрафактілік өнімді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – «Контрафактілік өнімді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде «Schmitt & Orlov intellectual Property» ЖШС – Директорының өкілі Имансаева Айжан Мейрхановна сөз сөйледі.
Қатысушылар «Контрафактілік өнімді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбы бойынша жұмыстың негіздері және ерекшеліктерімен танысты.