
2023 жылғы 22-24 ақпан аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті әлемдік IT-компаниялармен бірлесіп МКК аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық технологиялар басқармасының басшыларына оқыту семинарларын өткізді.
Семинар барысында «Hewlett Packard» компаниясы серверлер мен деректерді сақтау жүйелеріне арналған жаңа өнімдер мен шешімдерге шолу жасады. «Cisco» тыңдаушыларды киберқауіпсіздік саласындағы заманауи шешімдермен және деректер орталықтарына арналған желілік фабрикалармен таныстырды. «Huawei» кампус желілері үшін заманауи шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ HiSecEngine жаңа буынының жаңа брандмауэрлерін ұсынды.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің реинжинирингімен көрнекі танысу және оларды цифрлық форматқа көшіру үшін цифрлық үкіметті қолдау орталығына барды.
Іс-шара соңында МКК Төрағасының орынбасары Азамат Серікұлы Панбаев салықтық және кедендік әкімшілендіру саласында цифрландыруды дамытуға қосқан үлесі үшін ақпараттық технологиялар басқармасының басшыларына алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті.