
Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 сәуірінен бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер күшіне енетінін ескертеді, олар:
- «Виртуалды қойма» модулін қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бойынша;
- «Виртуалды қойма» модулін қолданбай ЕАЭО шеңберінде (барлық тауарлар бойынша) тауарлардың импорты/экспорты кезінде.
Қалған тауарлар бойынша тауарларға іліспе жүк құжаттарды қолдану ерікті негізде жүзеге асырылады.
Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен реттелед.
Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін «Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Маңызды айта кету қажет:
- Тауарларға іліспе жүк құжаттарды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде үш тәсілмен: esf.gov.kz порталында, салық төлеушілердің есепке алу жүйелері арқылы немесе ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында рәсімделеді. Барлық көрсетілген әдістерге қол жеткізу тегін.
- «Виртуалды қойма» модулін қолданбай тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу үшін: рәсімдеу кезінде порталда «Тауар ВҚ емес» таңдауын пайдалану қажет; есепке алу жүйелерін пайдалану кезінде «Тауар идентификаторы» бағанында «1» саны қойылады.
- Тауарларды «Виртуалды қоймаға» кірісті өшіру үшін (тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелері жоқ тауарлар бойынша) ЭШФ АЖ порталындағы параметрлерді өзгерту қажет (Параметрлер – ВҚ деректерді қабылдау)
- Толық пайдаланушы нұсқаулығы «ЭШФ АЖ» бөлімі «ЭШФ АЖ» бойынша құжаттар» қойындысы – «Пайдаланушы нұсқаулығы (жүктеу)» kgd.gov.kz сайтында орналастырылған.
Сілтеме https://www.kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1.
- Техникалық қолдау қызметі esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжай бойынша және +7(7172)72-78-72 телефон линиясы бойынша 24/7 режимде жұмыс істейді.