
2023 жылғы 29 – 31 наурыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «Кедендік тексерулердің сапасы» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – кедендік тексерулер актілерінің сапалы жасалуын қамтамасыз ету және оларды тағайындау.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Ағымдағы жылдың 30 наурызында сағат 10.10 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.
Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.
Дәріскер ретінде – ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының бас сарапшысы – Нурлан Амирханович Бектурганов қатысты.
Қатысушылар тексерулерді тағайындауды және алдын-ала тексеру актілерінің жобаларын келісумен, тауарлардың құны бойынша тексеру актілерінің жобаларын және мақсатын келісуді жоюдың негізгі себептерімен: тауарлардың классификациясы бойынша, ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленген тауарлар мен шартты түрде шығарылған тауарлар, басқа себептер бойынша, ҚР ҚМ МКК қабылданып жатқан шараларымен, ҚР ҚМ МКК нұсқауларымен, апелляциялық жұмыстармен таныстырылды.
Семинардың қорытындысы бойынша 103 қатысушы біліктілігін арттырды.