
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Кунио Микуриомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кедендік әкімшілендірудің озық тәжірибелері, сондай-ақ Қазақстанның кеден саласындағы жетістіктері талқыланды.
Сонымен қатар, Бельгия Корольдігінің кедендік әкімшілендіру тәжірибесі зерттелді, теңіз порттарын басқару тәжірибесімен алмасу жүргізілді.
Кунио Микурия Қазақстанның тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегіндегі, сондай-ақ Қазақстан жүргізіп жатқан кеден бекеттерін жаңғырту мен кедендік әкімшілендірудегі үлесін жоғары бағалады.