
2023 жылғы 6 сәуірде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінде ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің «ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасы жұмысының, сондай-ақ кедендік әкімшілендірудің жаңа жүйесінің тұсаукесері» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің Төрағасы
С.А.Макежанов, депутаттар С.А.Карплюк, Н.Ж.Бекенов,
Н.И.Ниязова, А.Ш.Нугманов, Б.Т.Орынбасаров, Б.С.Орынбеков, С.Б.Утешов, сондай-ақ Қаржы вице-министрі Е.Е.Біржанов, МКК Төрағасы Д. Е. Жаналинов, МКК төрағасының орынбасары А. С. Панбаев және ҚР ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасының басшысы Ж. Ж. Дүйсембиев қатысты.
Тұсаукесер барысында БДБ басшысы Ж.Ж.Дүйсембиев депутаттарды кедендік әкімшілендіруді жақсарту және халықаралық сауданы жеңілдету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды, СЭҚ заңға бағынатын қатысушылары үшін қолайлы жағдайлар жасаудың басымдылығын атап өтті, олар үшін кедендік тексеру және құжаттамалық бақылау нысанында кедендік бақылау жүргізу одан әрі 40%-ға дейін қысқартылды.
ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары А.С.Панбаев электрондық кедендік декларациялауды да, кедендік әкімшілендіруді де біріктіруге мүмкіндік беретін жаңа «KEDEN» ақпараттық жүйесін әзірлеу басталғаны туралы баяндады, яғни шекарадағы алдын-ала операциялардан бастап, кедендік тазарту аяқталғаннан кейін бақылау жүргізумен аяқталатын барлық процестерді жүйемен толық қамту көзделіп отыр.
Атап айтқанда, жасанды интеллектті машиналық оқыту, рентген-жабдықтың суреттерін тану және транскрипциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл декларацияда мәлімделген рентген-кескін мен тауарлар туралы мәліметтердің бір-бірімен сәйкес келмеу тәуекелдерін анықтау кезінде адамның араласуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кедендік тексеру кезінде қолданылатын дауыстық сөйлеуді тану функциясы әзірленуде. Кедендік тексерудің барлық процесі кеудеге арналған бейнетіркегішке толық тіркеледі.
Бұдан басқа, МКК Төрағасы Д.Е. Жаналинов басқа елдердің озық тәжірибесін ескере отырып, 10 өткізу пунктін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті, бұл өткізу қабілеті мен тауар ағынын арттыруға, өткізу пункттерінің өту уақытын, транзиттік әлеуетті қысқартуға мүмкіндік береді, барлық техникалық құралдарды автоматтандырылған бір кешенге біріктіру жолымен кедендік процестердің ашықтығы мен автоматтандырылуын қамтамасыз етеді.