
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.
2023 жылғы 17 сәуірдің сағат 18.30-ден бастап "Кеден органдарының шлюзі" (КОШ-1) ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болды, қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты: Таңбалау, ҚҚАОААЖ, ҚТЖ ҰК АҚ, ХҚКО АЖ, Е-лицензиялау, сондай-ақ ЭШФ АЖ Кедендік Декларация бойынша Виртуалды қоймаға тауарлардың түсуі және ҚХР, ДСҰ-мен сыртқы интеграциялар (уақытша әкелу және әкету) КОШ-1-ның ішкі интеграциялары қолжетімсіз болады. КОШ-1-ның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіргені туралы қосымша хабарланатын болады.