
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн айқындау туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі –Бұйрық жобасы), 2023 жылғы 29 наурыздағы ҚР Премьер-министрінің ПИ-94742 Өкімінің жобасымен бекітілген, 2023 жылғы 16 наурыздағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік реформаларының сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және 2023 жылғы 16 наурыздағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік реформаларының сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалары актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында құқық актілерін қабылдау Тізімінің 218-бабына байланысты жобаланған.
Ұсынылған редакциясына сәйкес «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі Заңының 25-бабының 2-тармағын келесі редакциясында аудару қажет:
«2. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесi кедендік ісі саласындағы уәкілетті органымен белгіленеді».
Осыған байланысты, ҚР Қаржы министрлігіне 2001 жылғы 21 тамыздағы «Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы» № 1092 ҚР Үкімет қаулысын күші жойылу туралы ҚР Үкімет қаулысын қарастырып, «Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кедендік рәсімі қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн айқындау туралы» бұйрығының жобасын дайындауға тапсырылған.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14497481 2023 жылғы 17 сәуірінде орналастырылған.