Date of publication: 25.05.2023 10:08
Date of changing: 25.05.2023 10:10

        Өткізу қабілетін арттыру мақсатында қазақстандық және өзбек кеден органдары келісім бойынша күшейтілген жұмыс режиміне өтті.

        Кездесулер өткізіліп, Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында орналасқан барлық өткізу пунктері қаралды. Сондай-ақ, өткізу пунктеріндегі кедендік ресімдеу бизнес-процесстерді оңтайландыру бойынша келісімдер талқыланып, қол жеткізілді.

        Соңғы он тәулікте Түркістан облысы бойынша МКД өткізу пунктері арқылы өткізілген көлік құралдары келесідей:

  • «Қазығұрт» өткізу пункті – 2 243 жүк көлік құралы;
  • «Б. Қонысбаев» өткізу пункті – 4 280 жүк көлік құралы;
  • «Атамекен» өткізу пункті – 1 796 жүк көлік құралы.

       Бір жүк көлік құралын ресімдеуге орта есеппен 2-3 минут жұмсалды.

      Сонымен қатар, жүру маршрутын тиімді жоспарлау және шекарада тұрып қалуды болдырмау мақсатында, жүргізушілер мен тасымалдаушыларға CarGoRuqsat электронды кезектің автоматтандырылған жүйесі (cgr.qoldau.kz) немесе Түркістан облысы бойынша МКД интернет-ресурсында (trk.kgd.gov.kz) кеден бекеттерінің жүктемесі мен өткізу кезегінің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді көру мүмкіндігі ұсынылғанын хабарлаймыз.