Date of publication: 08.06.2023 14:46
Date of changing: 08.06.2023 14:49

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 7 маусым сағат 9:00-ден бастап «FASTI» байланыс арнасында техникалық проблемалардың туындағаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен келісім-шарттардың есептік нөмірлерінің тізілімін қабылдау және оларды «АСТАНА-1», «КААЖ-2» АЖ-не жүктеу тоқтатылды.

Қазіргі уақытта техникалық проблемаларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.