Date of publication: 21.06.2023 15:56
Date of changing: 21.06.2023 15:57

     Ағымдағы жылдың мамыр айында Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлескен іс-шаралар нәтижесінде Сатпаев қаласының «Р» есімді тұрғынынан көлеңкелі темекі өнімідерін сәйкестендіру құралынсыз заңсыз сақтаумен және сатумен айналысқаны анықталды.

     Нәтижесінде құны 89 млн. теңгеден асатын  141 мың қорапша «Prestige», «Oris», «Craven A», «Manchester», «Zumerret», «Milano», «Mondeo», «Platinum», «Winston», «Oskar», «Mac» маркалы темекі өнімдері  анықталған.

     Қазіргі уақытта экономикалық тергеп-тексеру органдарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.