
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі –Бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 83-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. Реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі-АРВ) реттеушілік құрал және (немесе) талаптар енгізілгенге дейін және енгізілгеннен, реттеуді қатаңдатқаннан кейін, оның ішінде бұрын реттеушілік әсерге талдау жүргізілмеген қолданыстағы реттеушілік құралдар және (немесе) талаптар бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, Кодекстің 83-бабының 3-тармағында АРВ нәтижелері бойынша реттеуші құралды қолдану тиімділігіне байланысты реттеуші құралдың күші жойылуы немесе өзге де жолмен қайта қаралуы мүмкін екендігі айқындалған.
Көрсетілген түзету Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 446 бұйрығымен бекітілген Салық және кедендік реттеу саласындағы реттеуші актілерге талдау (қайта қарау) жүргізу үшін кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру жөнінде шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы қабылдаған шешімді орындау мақсатында енгізіледі.
Бұйрық жобасымен келесі бұйрықтарға өзгірістер енгізіледі:
- «Кедендік қарап тексеру және қарап тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығы;
- Еркін қойманың кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 382 бұйрығы.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14612312 орналастырылған.