
Ағымдағы жылдың 14-17 маусым аралығында Жетісу, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі - МКД) рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын 12 қызметкерлері қатысқан, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өтті.
Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру және сканерленген суреттерге РТҚ (Рентген-телевизиялық қондырғы) операторлары ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен, біліктілік талдауын жүргізу.
Курстың төртінші күні қатысушылар «Нұр-жолы» кеден бекетінде практикалық оқудан өтті. Оқуға қатысушылар кедендік бақылаудың «Rapiscan» атты техникалық құралы арқылы алған білімдерін көрсетті.
Оқыту іс – шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО – ның қызметкерлері:
- Касымкулова Л.Т. – ОӘО басшысының орынбасары;
- Абдреимова М. Р. – цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы болды.