Date of publication: 23.06.2023 18:54
Date of changing: 23.06.2023 18:57

       2023 жылғы 21-23 маусым аралығында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алаңында (Атырау қ.) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған "Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің жетінші нұсқасына негізделген ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу" тақырыбында семинар өтті.

      Бұл семинардың негізгі мақсаты-тауарларды, оның ішінде темекі өнімдері және адам ағзасына никотинді жанбай жеткізуге арналған басқа да құралдар, кіріктірілген электр және химиялық компоненттері бар киім, автокөліктер гибридтері және т. б. сияқты жаңа пайда болған тауарларды жіктеу бойынша проблемалық мәселелерді шешу.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдары, Еуразиялық экономикалық комиссия және ҚР Бас прокуратурасының Бас көлік прокуратурасы сарапшыларының қатысуымен көптеген мәселелер талқыланды.
Сұрақтардың бір бөлігі ҚР ҚМ МКК әрі қарай пысықтауға алынды.
Жалпы іс-шара конструктивті және ашық форматта өтті!
      Қатысушылар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан таратпа материалдармен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілді.
      Семинар нәтижелері бойынша басшылардың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің орталық кеден органдары арасында чат-бот құру туралы келісуі үшін, жіктеу пікірін жедел қабылдау үшін енгізілді.