
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) порталының жұмысына қатысты мынаны хабарлайды.
ЭШФ АЖ серверлік жабдықтарындағы техникалық проблемалар жойылды. ЭШФ АЖ-да электрондық құжаттарды ресімдеу, оның ішінде ЭШФ жазып беру және ТІЖ ресімдеу 2023 жылғы 5 шілдеде сағат 05:00-ден бастап қолжетімді.
2023 жылғы 4 және 5 шілдеде жүйенің тоқтап қалуы кезеңінде «техникалық қателік немесе жоспарлы жұмыстар» себебінен бұрын қағаз жеткізгіште жазылған құжаттарды ЭШФ АЖ-ға енгізу:
- ЭШФ – 2023 жылғы 20 шілдені қоса алғанға дейін;
- ТІЖ – 2023 жылғы 12 шілдені қоса алғанға дейін қол жетімді.