Date of publication: 14.08.2023 18:37
Date of changing: 14.08.2023 18:41

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес салық қызметі, кеден қызметі және экономикалық тергеу қызметі органдарын біріктіру жолымен Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.

       Қазіргі уақытта Комитет елдің дамуы үшін өте маңызды функцияларды жүзеге асырады: салық және кеден салалары, оңалту және банкроттық және т.б.

       Мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкерінің қосқан үлесінің арқасында ел бюджеті толықтырылуда, мемлекет әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда, жолдар салынып, инфрақұрылым, мектептер, ауруханалар, балабақшалар дамып, азаматтарға кепілдік беріліп, тегін медициналық көмек көрсетіліп және елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

       Аталған мерекеге орай  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының үздік аумақтық департаменттер мен басқармаларына сапалы салықтық және кедендік әкімшілендіру үшін, сондай-ақ жоғары көрсеткіштері мен мемлекет бюджетіне салықтардың түсіміне қол жеткізгені үшін әртүрлі номинациялар бойынша статуэткалар мен дипломдарды табыс етті. Жарысқа 20 облыстық мемлекеттік кірістер департаменттері мен олардың аудандық басқармалары қатысты.

      Жеңімпаздар:

      1."Акциздерді әкімшілендіру" номинациясында Маңғыстау облысының Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік деп танылды.

​   ​ ​  2. "Қосылған құн салығын әкімшілендіру" номинациясында Атырау облысы Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік деп танылды.

      3.​"ЕАЭО аясында ҚҚС әкімшілендіру" номинациясында Ақмола облысы Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік деп танылды.

     4."Камералдық мониторинг" номинациясында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үздік деп танылды.

     5."Заңды сүйемелдеу" номинациясында Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік деп танылды.

     6."Кедендік әкімшілендіру" номинациясында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үздік деп танылды.

     7."Кеден бекеті / КРО" номинациясында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үздік деп танылды.

     8."Үздік байланыс орталығы және түсіндіру жұмысы" номинациясында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үздік деп танылды.

     9. "Жеке шоттардың есебі" номинациясында Ақмола облысы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік деп танылды.

    10. "Тарифтік реттеу" номинациясында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үздік деп танылды.

    11. "Ақпараттық технологиялар" номинациясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үздік деп танылды.

    12. "Кадрлық қамтамасыз ету" номинациясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үздік деп танылды.

    13. "Салық аудиті" номинациясында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үздік деп танылды

    14. "Берешекпен жұмыс" номинациясында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік деп танылды

   15. "Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру" номинациясында Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы үздік деп танылды

   16. "Үздік қызмет көрсету орталығы" номинациясында Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  үздік деп танылды

    "Қоғамдық пікір көшбасшыларының нұсқасы бойынша үздік МКД" номинациясында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеңімпаз деп танылды.

     Одан бөлек, мемлекеттік кірістер органдарының үздіктері марапатталды. Данияр Жанәлінов әріптестерін мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнімен құттықтап, мерекеге орай МКК қызметкерлерін «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапаттады, сонымен қатар жұмысқа қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Төсбелгімен республика бойынша 162 қызметкер наградталды,