Date of publication: 07.09.2023 14:52
Date of changing: 08.09.2023 09:15

       Қарбыз бен қауын – жаз мезгілінің бізге беретін ең құнды өнімдерінің бірі.

       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бақша дақылдары - қарбыз бен қауын туралы қызықты фактілермен бөлісті.

        2023 жылдың 7 айындағы импорт

        2023 жылдың небәрі 7 айында Қазақстанға салмағы 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын 8 911,1 мың АҚШ долларына импортталған - Өзбекстаннан 34,0 мың тонна 6 444,2 мың АҚШ долларына, Ираннан 3,1 мың тонна 2 389,8 мың АҚШ долларына, Тәжікстаннан 421,5 тонна 65,3 мың АҚШ долларына және т.б.

       Салмағы 2,9 мың тонна құны 959,6 мың АҚШ долларының бақша өнімдері экспортталды. Оның ішінде Моңғолияға 940,8 тоннасы 59,6 мың долларға, Латвияға 574,2 тоннасы 218,3 мың долларға, Украинаға
716,0 тоннасы 467,6 мың долларға, Германияға
252,3 тоннасы 125,5 мың долларға, Польшаға 271,3 тоннасы 56,1 мың долларға, Эстонияға 115,2 тоннасы 16,4 мың долларға және т.б.

       2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда экспорт 1,8 мың тоннаға өскені байқалады.

      2021-2022 жылдардағы импорт

      Жалпы, 2021-2022 жылдары Қазақстанға шет елдерден құны
23 257,53 мың АҚШ доллар салмағы 97,5 мың тонна
қарбыз бен қауын әкелінді.

       2021 жылы елімізге салмағы 25,2 мың тонна құны 5,1 мың АҚШ доллары, 2022 жылы 46,1 мың тонна 8,6 мың АҚШ долларын құрайтын қарбыз әкелінген.

      Соңғы екі жылда негізгі жеткізуші елдер қатарында: Өзбекстан –
66,1 мың тонна 10,7 мың АҚШ долларына, Иран – 4,2 мың тонна
2,6 мың АҚШ долларына, Тәжікстан – 1,3 мың тонна 204,4 мың АҚШ долларына.

     2021 жылы салмағы 10,1 мың тонна құны 3,6 мың АҚШ доллары, 2022 жылы 16,2 мың тонна 5,8 мың АҚШ долларын құрайтын қауындар әкелінген.

      Өзбекстаннан 25,5 мың тонна 9,2 мың долларына, Ираннан
393,1 тонна 114,4 мың долларына, Түрікменстаннан 116,3 тонна
54,5 мың долларына, Тәжікстаннан 114,6 тонна 40,4 мың долларына қауын әкелінді.

      Экспорт

     Сондай-ақ, қарбыз бен қауын Бразилия, Коста-Рика, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Таиланд, Испания, Нидерланды сияқты елдерден әкелінеді.

     Айта кетерлігі, біздің қазақстандық қарбыздар мен қауындар ТМД елдерінің нарығында бұрыннан танымал болғанымен, Еуропаға да белсенді экспортталады.

     Сонымен, 2021-2022 жж. Қазақстаннан барлығы 7,2 мың тонна
2,2 млн АҚШ долларына
қарбыз мен қауын экспортталды.

      Экспорттың негізгі бөлігін қауындар құрайды. Екі жыл ішінде Латвияға 2,6 мың тонна құны 883,2 мың доллар, Украинаға 2,2 мың тонна құны 739,3 мың доллар, Германияға 741,2 тонна құны 384,85 мың доллар, Польшаға 114,6 тонна құны 38,6 мың долларға экспортталды, одан бөлек Әзірбайжан, Молдова, Өзбекстан, Моңғолия, Эстония сияқты елдерге де қазақстандық қауын экспортталды.

      Ескертпе: материалды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының үшінші елдермен (ЕАЭО құрамына кірмейтін) кедендік статистикасы, декларацияланған кедендік құн негізінде сома, салмағы – нетто пайдаланылды.