Date of publication: 08.09.2023 17:35
Date of changing: 08.09.2023 17:36

       Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылы 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, оның ішінде директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады.

      Декларацияны электронды түрде тапсыру мерзімі 2023 жылдың
15 қыркүйегінде аяқталатынын еске саламыз. Декларацияны мына ресурстарда тапсыруға болады:

  • cabinet.salyk.kz «Салық төлеушінің ​​кабинетінде»;
  • egov.kz электрондық үкімет порталында;
  • e-Salyq Azamat, eGov mobile, HALYK BANK мобильді қосымшаларында.

Нұсқаулық келесі сілтемелер бойынша қол жетімді:

«E-Salyq Azamat» қосымшасында - https://youtu.be/A5vPs_y9DY0

«HALYK BANK» қосымшасында - https://youtube.com/shorts/ui84rzU7HV4

        Декларацияны уақытында тапсыруды ұмытпаңыз!