
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 15 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйені жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. Жүйе веб-порталда электрондық құжаттарға қол қоюға арналған қосымша функцияларды қосу үшін жаңартылады.
Веб нұсқасында қол қою әдісін таңдауды қамтамасыз етеді:
1. ЭЦҚ кілті бойынша
2. QR кодын пайдалану арқылы
QR кодын пайдаланып қол қоюды таңдаған кезде сізге қажет:
− «egov Mobile» қосымшасын ашу;
− «eGov Mobile» мобильді қосымшасына кіру;
− «eGov Mobile» қосымшасының басты бетінде «eGov QR» түймесін басыңыз;
− ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR кодын сканерлеу және қол қою.
ЭШФ АЖ сәтті қол қойылғаннан кейін электрондық құжатқа тіркеу нөмірі беріледі.
QR кодын пайдаланып электрондық құжаттарға қол қою туралы сұрақтарыңыз болса esfsd@kgd.minfin.gov.kz мекен-жайына хабарласыңыз.