Date of publication: 05.12.2023 16:27
Date of changing: 05.12.2023 16:29

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 05.12.2023 жылы Астана қ. уақыты бойынша сағат 16:30-ден 18:30-ге дейін "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде жүйені жаңарту бойынша (тоқтаусыз) жұмыстар жүргізілетінін Сіздің назарыңызға жеткізеді. Көрсетілген уақыт аралығында ақпараттық жүйе қол жетімді болады.

Жүйені жаңарту ЭШФ АЖ-да салық төлеушілерді есепке алу жүйелері арқылы хабардар ету рәсімін іске асыруға байланысты жүргізілетін болады.

Тіркелгі жүйелері үшін әзірлеуші жинағы (SDK) жаңартылды, оған тіркелгі жүйелері ескертулерін алу үшін API қызметінің жаңа әдісі қосылды.

Жаңартылған әзірлеуші жинағы сілтеме арқылы қол жетімді https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ftpdata/ESF/esf-sdk-041223.zip.