Date of publication: 10.01.2024 19:46
Date of changing: 10.01.2024 19:47

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 9 қарашада сағат 14.00-де интернет желісінің ажыратылуына және ақпараттық жүйелердің уақытша жұмыс істемеуіне байланысты  мемлекеттік кірістер органдарымен жолданған хабарламаларды салық төлеушілердің уақытылы орындап, құқықтарынының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында келесіні хабарлайды.

    1. Камералдық бақылау туралы жолданған хабарламалар бойынша орындау мерзімі 2023 жылғы 28 желтоқсанда өткенімен, оларды 2024 жылғы 10 қаңтарда орындаған болса, банк шоттарының шығыс операциялары тоқтатылмайды.

     2. Камералдық бақылау туралы хабарламалардың орындалу мерзімі 2024 жылғы 9 қаңтарда өткенімен, оларды 2024 жылғы 10 қаңтарда орындаған болса, хабарламаны уақытынан кешіктіріп орындағандығы туралы шаралар қолданылмайды.

    2024 жылғы 10 қаңтарда сағат 00:10-де Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет желісінде техникалық жұмыстар аяқталып, ақпараттық жүйелер шттаттық режимде жұмысын жалғастырды.